Әлеуметтік дағдылар оқушылардың өзара қарым-қатынасы, топтық жұмысқа қатысуы және әлеуметтік ортада өзін-өзі қалай ұстайтынын көрсетеді. Әлеуметтік дағдыларды бағалау олардың топтық жұмысқа қатысу, өз эмоцияларын басқалармен бөлісу, сонымен қатар басқа адамдардың сезімдері мен қажеттіліктеріне эмпатия көрсету қабілеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Сауалнама сұрақтарына жауап беріңіз
Әр сұраққа сәйкес жауаптардың баллдарын қосып, жалпы баллды есептеңіз.
Мысалы, егер оқушының әрбір сұрағы бойынша таңдаған жауаптары: а, ә, а, ә, а, б болса, жалпы баллды есептеу:
а (3 балл) + ә (2 балл) + а (3 балл) + ә (2 балл) + а (3 балл) + б (1 балл) = 14 балл.
Ұсыныстар мен жұмыс бағыттары
Жоғары деңгейдегі оқушылар: Бұл оқушылар топтық жұмыстарда белсенді қатысып, басқа адамдармен оңай байланыс орнатады. Оларға жеке даму бағдарламасын ұсыну арқылы көшбасшылық дағдыларын әрі қарай дамыту ұсынылады.
Орташа деңгейдегі оқушылар: Әлеуметтік дағдыларды орташа деңгейде меңгерген оқушыларға топтық жұмыстарда белсенді болуға және өз пікірлерін білдіруге көбірек көңіл бөлу қажет.
Төмен деңгейдегі оқушылар: Әлеуметтік дағдыларында қиындықтар туындайтын оқушыларға психоэмоционалдық қолдау көрсету және оларды топтық жұмысқа белсенді қатыстыру үшін арнайы тренингтер мен жаттығулар жүргізу керек.